Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтын болды
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
14.02.2023 18:53
3201
Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Сырымбек Таудың досы Айдарбек Хожаназаров facebook-тегі парақшасында жазды.
Құрметті достар, пікірлестер, қазақстандықтар! Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бюрократиялық кідірістерге байланысты менің досым, нағыз патриот, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Мəжіліс сайлауынан ресми түрде шеттетті.Бәлкім, формальдылық маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды. Сырымбектің Қазақстан халқына деген шынайы махаббатын әркез байқаймыз. Пандемия кезінде оның компаниясы Алматыдағы 9800 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті, «Біз біргеміз» және «Шұғыла» қайырымдылық қорларына қаржы бөлді. Сондай-ақ, «Тау шаңырақ» қайырымдылық қорының құрылтайшыларының бірі, Талғар қаласындағы балаларды оңалту орталығының құрылысына қаржы бөліп, Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен 100 тұрғынына көмек көрсетті. Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін көтеріп, 600 жұмыс орнын ашты, мемлекет бюджетіне 10 миллиард теңгеден астам салық төледі. Бірақ мен баса айтайын, Respublica партиясы ешбір жағдайда берілмейді, біз күресті әрі қарай жалғастырамыз. Мұндай оқиғалар бізді тек қана шынықтырады, қайрайды және Сырымбек сияқты лайықты тұлғаларға жол әрқашан ашық болатын нағыз Жаңа Қазақстанды құруға ынталандырады, деп жазды желідегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды