Ресми: Шавкат Рахмоновтың кіммен төбелесетіні анықталды
15.11.2024 12:43
Фото:
instagram.com/darteam.kazakhstan
UFC-дегі жартылай орта салмақ өкілі қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18-0) қарсылас табылды. Бұл туралы аралас жекпе-жек шеберінің командасы Dar Pro Team растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымның мәліметінше, кездесу желтоқсанда өтеді.
Шавкат Рахмонов vs Иэн Гарри. UFC 310 кештің басты оқиғасы – жартылай орта салмақтағы уақытша UFC белбеуі үшін, - делінген мәліметте.
Айқас 8 желтоқсан күні «Номад» жеңілмеген ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) UFC-дегі уақытша белбеуді сарапқа салады. Кездесу Лас-Вегастағы UFC 310 турнирі аясында өтеді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда қазіргі чемпион американдық Белал Мухаммадпен төбелесуі керек еді, алайда Белал аяғына операция жасатып, кездесуден бас тартты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

