ҚТФ баспасөз қызметі

Ресми: Рыбакина мен Данилина WTA рейтингінде жоғарылады

Кеше қос қазақстанның Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалында өнер көрсетті. Елена Рыбакина жекелей сында кортқа шықса, Анна Данилина жұптық бәсекеге қатысты. Олар финалда қарсыластарына жол бергенімен, әлемдік рейтингте жеке рекорд орнатты.

Өткен аптада Рыбакина әккі қарсыласы Польша өкілі Ига Швентекті артқа тастап, рейтингтегі ұпайы жаңарған. Әйелдер теннис қауымдастығының (Women’s Tennis Association - WTA) жаңартылған әлемдік рейтинг тізімі шықты.Енді Елена ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы  атанды. Қазір оның еншісінде 7783 ұпай бар. Ал Арина Соболенко 11025 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында тұрған Ига Швёнтекте  7413 ұпай бар. Ал жұптық сында бақ сынаған Данилина да рейтингте 7-ден 4-орынға көтерілді.

ҚТФ баспасөз қызметі

Одан бөлек, жекелей сында Юлия Путинцева 76-дан 75-ке, біраздан бері жарысқа қатыспай жүрген Зарина Дияс 296-дан 312-ге, Жібек Құламбаева 388-ден 419-ға құлдырады. 

Жұптық сында Ж.Құламбаева 140-орнында қалса, Ю.Путинцева 156-дан 209-ға төмендеді. 

Алда АҚШ-тағы Майами WTA 1000 турнирі бар. Егер қазақстандық теннисшілер осы жарыста сәтті өнер көрсетсе, ұпайын еселей алады.

Драмаға бергісіз финал

Иә, Рыбакина мен Соболенко арасындағы финал үш сағатқа ұласты. Индиан-Уэллс WTA 1000 санатындағы турниріндегі шешуші сет талайға дейін есімізде қалалары анық. Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары алма кезек басымдыққа ие болды. Титулдың тағдыры тай-брейкте шешілді. Үш сетке ұласқан ойын 6:3, 3:6, 6:7 (6:8) есебімен Арина Соболенконың пайдасына шешілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aryna Sabalenka (@arynasabalenka)

Финалдағы бәсеске үшін Рыбакина 612 мың доллар сыйақы мен WTA рейтингінде 650 ұпай еншіледі. Осылайша, Елена мансабындағы ең үздік көрсеткішке жетті.