Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы қазақстандық теннисшіге тұрмысқа шығады
04.04.2024 09:50
Фото:
instagram.com/adelina_sotnikova14
Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, Ресейдің төрт дүркін жеңімпазы Аделина Сотникова қазақстандық теннисші Дмитрий Попкоға тұрмысқа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен «иә» дедім, - деп жазды Сотникова.
Аделина мен Дмитрий ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасы туралы жасырып келді. 2022 жылғы қарашада спортшылар жұбы алғаш рет ата-ана атанып, ұлына Адриан деген есім берді. Сонан соң мәнерлеп сырғанаушы сүйіктісінің кім екенін ашық айтты.
Попко Санкт-Петербургте туғанымен, әлемдік аренада Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Ал Сотникованың Олимпиада чемпионы атағынан бөлек 2013 және 2014 жылдары Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

