Жаңалықтар

Ресейлік кәсіпкер «Қазақстан халқына» қорына 22,3 миллиард теңге аударған

Ресейлік кәсіпкер «Қазақстан халқына» қорына 22,3 миллиард теңге аударған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.07.2023 12:25 1344

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, І жарты жылдықтағы қызмет туралы есеп бекітілді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Сол есепке сәйкес, осы кезеңде қорға 23,4 миллиард теңге аударылса, соның ішінде В.В. Анисимов деген азамат қорға 22,3 миллиард теңге аударған. Сонымен қатар «Сәтті Жұлдыз» АҚ-дан 1,05 миллиард теңге, жеке тұлғалардан тағы 12,2 миллион теңге түсті.

Оқи отырыңыз:

Василий Анисимов – Ресейдің Forbes журналынан ойып тұрып орын алған миллиардер. Оның табысы 1,6 миллиард долларды құрайды екен. Өз қалтасын алюминий арқылы қомпайтқан хорватиялық және ресейлік кәсіпкер. Бір кездері Ресей дзюдо федерациясында президент болды.

Сонымен қатар Анисимов Алматыда туып-өскен. Тіпті Нархоз университетін тәмамдаған. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, оның бизнес-серіктестерінің арасында да қазақстандықтар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға