Жаңалықтар

«Ресейлік диплом жарамсыз»: Танымал спортшы Қазақстанға көшіп келді

«Ресейлік диплом жарамсыз»: Танымал спортшы Қазақстанға көшіп келді
Фото: instagram.com/elizabetkz 07.03.2024 18:00 699

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева оқуын Қазақстанда жалғастыратын болды. Ол Ресейге салынған халықаралық санкцияларға байланысты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтындағы оқуын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлем вице‑чемпионы Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтаналиева "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында қызының оқуына қатысты мән-жайды баяндады.

Менің Лизам бірінші курстан кейін Қазақстандағы КИМЭП университетіне ауысты. Мұнда да Мәскеудегідей жақсы оқиды, – дейді анасы.

Элизабет Тұрсынбаева 2020 жылдың күзінде спорттағы мансабын аяқтаған еді. Енді елімізде мәнерлеп сырғанау мектебін дамытуға ынталы боп отыр. Анасының айтуынша, спортшының Мәскеуден Қазақстанға көшуінің себебі тек халықаралық санкцияларда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға