kolesa.ru

Ресейлік «Атом» электрокарының бағасы белгілі болды

Ресейде құрастырылып жатқан жаңа «Атом» электромобилінің алдын ала бағасы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Компания жаңа сайт ашып, онда алғашқы сатып алушылар үшін 3,9 млн рубль (шамамен 25,7 млн теңге) деген баға көрсетілген. Кейін бұл ақпарат сайттан өшірілгенімен, кодында сақталып қалған.

Ресейде жергілікті электрокар сатып алатындарға мемлекет жеңілдік береді. Егер көлікті несиеге алса, 925 мың рубль (шамамен 6,1 млн теңге) көлемінде субсидия беріледі. Сондықтан «Атомның» бағасы шамамен 2,97 млн рубльге (19,6 млн теңге) түседі.

Компания жақын уақытта алдын ала төлем жасап қойған адамдарға нақты бағаны хабарлайды. Алғашқы клиенттер көлікті жақсырақ жабдықпен, арнайы кепілдікпен және сервиспен алады.

Көліктің мүмкіндіктері

«Атом» - шағын электрлік хетчбек. Оның негізгі сипаттамалары:

  • 204 ат күшіне тең мотор,
  • 77 кВт·сағ батарея,
  • Бір зарядта 500 км жүреді,
  • 100 км/сағ жылдамдыққа 8 секундта жетеді.

Көліктің ерекшелігі, ортаңғы тірексіз шанақ және көп цифрлық қызмет. Компания «Атомды» «гаджет-көлік» деп атауда. Болашақта такси, каршеринг және курьерлік қызметке арналған нұсқалары да шығады.