Ресейдің 22 өңірін су басты
Фото: Ресей Федерациясы ТЖМ
Фото: Ресей Федерациясы ТЖМ
31.03.2024 19:00
798
Ресейдің Алтай өлкесін су басып, табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.
90 үй мен 600 жер телімі бүлінген. 10-ға жуық тасжол жабылды. Алтай өлкесінен бөлек, көрші елдің тағы 20-дан аса өңірінде көктемгі тасқынға қатысты жағдай қиын. Орынбор облысында ондаған үй су астында қалды.
Бұдан бөлек, Саратов облысында да биыл қардың көп түсуінен апатты жағдай қалыптасқан. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты межеден 126%-ке жоғары боп тұр. Новосібір облысында жолдарды су шайып кеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға