Жаңалықтар

Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесі жарық көрді

Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесі жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 12.10.2024 02:26 528

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

«Архив-2025» бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесі жарық көрді. 

Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеді.

Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген.

Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға