Ресейден келген легионер Қазақстанға медаль әпермеді
13.02.2025 15:31
Фото:
ҚР ҰОК
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Самоделкина Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркін бағдарлама нәтижесі бойынша Самоделкина төрешілерден 125,12 ұпай алған. Осылайша, екі бағдарламаның қорытындысында 188,43 ұпай еншіледі. Сөйтіп төртінші орын алды.
Жеңіс Оңтүстік Корея өкілі Ким Че Ёнге бұйырды - 219,44. Екінші орынды жапониялық Каори Сакамото иеленді - 211,90. Үздік үштікті тағы бір жапон өкілі Хана Ёшида қорытындылады - 205,20.
Ал тағы бір жерлесіміз София Фарафонова Азиадада тоғызыншы орын алды - 125,27.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

