Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады
17.10.2022 23:13
Фото:
Baza
Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz.
Төтенше жағдай 17 қазанда кешке орын алды.
Желіде жарияланған видеодан ұшқыштың катапульт тетігін басып үлгергенін байқауға болады.
Baza Telegram арнасы жазғандай, өте жоғары жылдамдықтағы бомбалаушы Су-34 ұшағы құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.
Ұшақ оқ-дәрісімен қоса, Коммунистік көшесі, 20/1 үйдің ауласына құлады.
Апат орнында екі жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Олар қалың түтінге байланысты үйге жақындай алмады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы, әзірге ақпарат жоқ.
Куәгерлер апат орнында кезек-кезек жарылыс болып жатқанын айтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

