Ресейде оқушы қыз мектепте атыс шығарды: қайтыс болғандар бар
Фото: telegram
Фото: telegram
07.12.2023 14:33
1812
Ресейдің Брянск қаласында 8-сынып оқушысы мектепке әкесінің қаруын әкеліп, атыс шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
РИА агенттігінің мәліметінше №5 мектеп гимназиясында 8А-сыныбының оқушысы төртінші қабатқа көтіріліп, биология сабағы кезінде атыс ұйымдастырған.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, екі адам қаза тауып, бес жасөспірім жарақат алған. Біреуіне ота жасалып жатыр. Осы оқиғадан кейін атыс шығарған қыз суицид жасады.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше оқушы қыз мектепке әкесінің қаруын алып барған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде көлікті жалға беретіндер 69,8 млрд теңге табыс тапқан
Келесі жаңалық
Өрт сөндіруші Аяз ата балаларға қуаныш сыйлады