Жаңалықтар

Ресейде Ключевская жанартауы атқылай бастады

Ресейде Ключевская жанартауы атқылай бастады
Фото: tass.ru 23.06.2023 10:00 1002

Еуразиядағы ең биік саналатын Ключевская жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне Жанартаулардың атқылауын бақылайтын камчаткалық топтың (KVERT) жетекшісі, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс бөлімінің Вулканология және сейсмология институтының ғылыми қызметкері Ольга Гирина хабарлаған.

Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді. Әзірге мұндай атқылау халық үшін де, авиация үшінде ешқандай қауіп келтірмейді, - деді Ольга Гирина.

Ключевская - континенттегі ең белсенді жанартау, оның биіктігі - 4750 м. Жанартаудың соңғы рет атқылауы 2020 жылдың қазан айында болды. Ең жақын елді мекен - Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы - жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға