Жаңалықтар

Ресейде хоккейші анасын пышақтап өлтірді

Ресейде хоккейші анасын пышақтап өлтірді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 14.10.2024 09:52 729

Ресейдің Химки қаласында болашағынан зор үміт күттіретін хоккейші ішімдікке әуес бола бастаған. Анасының оның бұл қызығушылығына тыйым салғысы келген әрекеті қайғылы жағдайға душар етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Атлант» сапында ойнайтын 21 жастағы Степан соңғы уақытта алкогольге үйір болып жүрген. Мұнысы оның анасына ұнамай, соңғы уақытта екеуі жиі жанжалдасатын да болған.

Ал 11 қазан күні тағы араққа тойып алған хоккейші 47 жастағы анасымен ренжісіп қалып, бастапқыда ол қолымен ұрып, сонан соң бірнеше рет пышақ тығып алған. Ал айқай-шуды естіген көршілері полиция шақырған.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері арқа, иық және ішіне бірнеше рет пышақ сұғылған әйелді тез арада ауруханаға жеткізген, дегенмен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Енді жас жігіт 15 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға