Ресейде ер адам өзінің кішкентай қарындасын зорлаған
03.03.2024 07:25
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI
Ресейде ер адам өзінің қарындасын зорлағаны үшін 13 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің Түмен облысында 28 жастағы ер адам мас күйде өзінің кішкентай туыс қарындасын зорлаған.
Полиция оны қолға түсірді. Педофил өзінің кінәсін жоққа шығармаған. Сот оған қатысты 13 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

