Жаңалықтар

Ресей азаматтығын алу талаптары жеңілдетілді

Ресей азаматтығын алу талаптары жеңілдетілді
Фото: © Getty IMAGES 19.12.2023 12:30 1128

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин «Беларусь, Қазақстан және Молдава азаматтарын Ресей азаматтығына қабылдау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді құжат бойынша ресейлік паспортты алу процедурасы жеңілдейді.

Дегенмен, қазақстандықтар орыс тілін жетік білетіндігін дәлелдеуі тиіс. Қазақстан азаматтары ресейлік паспортты алу үшін тұрақты тұруға өтініш, ұлттық паспорты мен орыс тілін білетіндігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Дәл осыдай талап Молдава азаматтарына да қойылады. Ал Беларусь азаматтарына орыс тілін білетіндігін растаудың қажеті жоқ, - делінген Kazinform.kz ақпаратында.

18 желтоқсанда рәсімделген құжат ресми жарияланған құқықтық актілер порталында орналастырылды. Оған сәйкес 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары келесі талаптарды сақтамай-ақ Ресей азаматтығын ала алады: Ресей Федерациясында тұрақты тұру; Ресей тарихын және Ресей Федерациясының заңнамасының негіздерін білу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға