Рэпер P. Diddy-ге түрмеде шабуыл жасалды
Америкалық әйгілі рэпер P. Diddy түрмеде қастандық шабуылынан аман қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Музыканттың досы Чарлуччи Финнидің айтуынша, қарулы тұтқын Нью-Йорктегі түрме камерасына жасырын кіріп, Комбстың мойнына пышақ тақап, оны ұйықтап жатқан сәтінде өлтіруге тырысқан.
Мен оның қалай қорғанғанын немесе күзетшілердің қалай жетіп үлгергенін білмеймін. Бірақ мұның расында болғаны анық. Егер әлгі адам шынымен зиян келтіргісі келген болса, Шон зардап шегер еді. Бұл - “Келесі жолы мұндай жолың болмайды” деген ескерту секілді. Мұның бәрі - қорқыту әрекеті, - деді Финни.
Айта кетейік, рэпердің қорғаушылары бұған дейін де Шон Комбстың қауіпсіздігіне нақты қауіп төнгенін және сот процесі кезінде оған зорлық-зомбылық жасалуы мүмкін екенін бірнеше рет хабарлаған болатын.

