Рембрандттың екі белгісіз картинасы араға 200 жыл салып Ұлыбританиядан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Картиналарда суретшінің таныстары – ерлі-зайыпты Ян Виллемс ван дер Плуйм және оның әйелі Яапген Карелс бейнеленген.
Картиналарды осы күнге дейін сақтап келген отбасы мүшелерінің айтуынша, бұл құнды дүниелерді олардың ата-балалары 1824 жылы аукционда сатып алған. Содан бері олар жеке коллекцияда сақталған.
Картиналар сарапшылардың бағалауы кезінде анықталды. Алайда мамандар бастапқыда олардың түпнұсқа екеніне сенбеген. Кейінірек ол расталды.
Сараптама жүргізілгеннен кейін картиналар 5-8 миллион долларға бағаланды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

