Жаңалықтар

"Рекордтық өнім жиналды". Министрлік бидай тасымалы туралы тың деректермен бөлісті

"Рекордтық өнім жиналды". Министрлік бидай тасымалы туралы тың деректермен бөлісті
Фото: pexels.com 11.04.2023 17:26 1060

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың сөзінше, 2022 жыл жақсы нәтижемен аяқталып, соңғы 10 жылда рекордтық өнім жиналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда қамбаға 22 миллион тонна астық және бұршақты дақыл, соның ішінде 16,4 миллион бидай жиналған.

«Статистика мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурызына бидайдың оң балансы 10,4 миллион тоннаны құрайды. Бидайдың осы көлемі еліміздің ішкі нарығының қажеттіліктеріне және белгілі көлемде экспортқа шығаруға толығымен жеткілікті», - деді ол.

Соңғы жылдары қазақстандық бидай нарығы «сұр» импорт заңсыз әкелуден зардап шегуде.

«Әкелген бидайдың транзиттік тарифі төленбей, жасырын экспорт түрінде Орта Азия елдеріне және Ауғанстанға жолданады. «Сұр» импорттың көлемі жылына 1,5-2 миллион тоннаны құрайды. Ал мемлекетке келетін жалпы зиян сараптамалар бойынша жылына 500 миллион АҚШ долларға бағаланған», - деді Ербол Қуанышұлы.

Жоғарыда айтылған ақпараттың негізінде және бірнеше салалық одақтар мен қауымдастықтардың министрлікке келіп түскен өтініштері бойынша бұл сұрақ ведомствоаралық деңгейден жан-жақты қарастырылып, 10 сәуірден бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен мерзімі 6 айға дейін Қазақстан Республикасына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға