Жаңалықтар

Референдумға дейін АЭС-ті кім салатыны шешілуі керек – Бапи

Референдумға дейін АЭС-ті кім салатыны шешілуі керек – Бапи
Фото: parlam.kz 04.09.2024 14:31 801

Мәжіліс кулуарында депутат Ермұрат Бапи референдумға дейін АЭС-ті кім салатынын шешіп алу керегін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріншіден, АЭС құрылысы бізге қажет. Біз болашақ энергетикалық кризистің алдындамыз. Қазірдің өзінде Ресейден жылына 1 трлн теңгеге жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бізге АЭС қажет. Бірақ Ресейдің салғаны қажет емес. Біз қоғамдағы пікірді де ойлауымыз керек. Билік сонда қаперге алуы керек деп ойлаймын. Қазір әлемдегі геосаяси жағдайға кінәрәтті Ресеймен ауызжаласып, оны мердігер ретінде АЭС салуға мүмкіндік беретін болсақ, біздің қоғамдағы жағдай, халықаралық жағдайымыздың барлығына селкеу түседі. Екіншіден, қазір Ресейдің жағдайы белгілі. Оның үстіне олар санкцияның құрсауында тұрған ел. Оларда технология тапшы. Бұрын шетелдік технологияларға арқа сүйеп келсе, қазір ол да жоқ. Сондықтан біз артта қалған технологиямен қауіпті, қатерлі Ресейдің АЭС-ін салуды жақтамаймын, - деді мәжілісмен.

Сонымен қатар Ермұрат Бапи референдумға халықтың қаншалықты белсенді қатысатынына байланысты пікір білдірді.

Референдумға халықтың қатысуы қоғамның белсенділігіне байланысты. Қоғам елдегі жағдайға қаншалықты мүдделі, басқа да тұрмыстық жағдайларға қандай көзқараста соған байланысты. Егер салғырт қараса, әрине адам қатыспайды. Қатысушылар ол кезде 20-30 пайыздың маңында болады. Менің ойымша, бірінші референдумға дейін АЭС-ті кім салатыны шешілуі керек. Халық сайлауға барғанда кімнің салатының біліп баруы керек. Егер референдумда «АЭС керек пе? Керек емес пе?» деген сұрақпен дауысқа түсетін болса, онда оған қоғам бармайды, - деді депутат.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға