Жаңалықтар

Референдумда министрлер де белсенділік танытты

Фото: inform.kz
Референдумда министрлер де белсенділік танытты
05.06.2022 12:41 1240

Астана халқымен бірге Үкімет мүшелері де референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров таңғы сағат 7:00-де дауыс беру учаскесінде кезекте тұрғанын айтып, Facebook-те жазба қалдырды.

«Бәрінен ерте дауыс беремін деп жоспар құрдым кеше. Келсем, алдымда біраз адам жиналып қалыпты», - деп жазды ведомство басшысы.

ҚР Цирфлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де өзінің дауыс берген сәтінен Instagram-да сурет жариялады.

«Өзіміздің және келешек ұрпақтың болашағы үшін дауыс бердік», - деп жазды министр суреттің астына.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан азаматы ретіндегі конституциялық құқығын пайдаланғанын айтты.

«Референдумға қатысып, өз учаскемде дауыс бердім. Жалпы, дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Сайлаушылардың белсенді қатысуына қарамастан, комиссия мүшелері жұмыстарын тиянақты істеп жатыр. 2022 жылғы 5 маусым Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің біріне айналатынына сенімдімін», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға