Референдум күні елордада 65 сәби дүниеге келді
06.06.2022 14:32
2086
Референдум өткен күні, яғни 5 маусымда елордада 65 бала дүниеге келді. Бұл мәліметті қалалық көпбейінді ауруханалардың акушерлік бөлімдері ұсынды, деп хабарлайды El.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Референдум күні елордада 65 бала дүниеге келді, оның ішінде: 36 ұл, 29 қыз. Нәрестелер мен олардың аналары өздерін жақсы сезінеді. Айта кетейік, жаңа босанған аналар да, көп салалы ауруханалардың акушерлік блоктарында емделіп жатқан жүкті әйелдер де Конституцияға түзетулер бойынша дауыс бере алды. Осы мақсатта медициналық мекемелерде 35 арнайы сайлау учаскесі жұмыс істеді», - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді