Жаңалықтар

Референдум: қазіргі жағдай бойынша 7 млн адам дауыс берді

Референдум: қазіргі жағдай бойынша 7 млн адам дауыс берді
Фото: El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ 06.10.2024 16:17 408

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова сағат 16:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ОРК мүшесінің сөзінше, қазіргі жағдай бойынша 7062358 адам дауыс беруге қатысты және тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 58,12 %

2. Ақмола облысы бойынша – 63,50%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41 %

4. Алматы облысы бойынша – 64,09 %

5. Атырау облысы бойынша – 56,61 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58 %

8. Жетісу облысы бойынша – 58,86 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86 %

10. Қостанай облысы бойынша – 67,57 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,70 %

13. Павлодар облысы бойынша – 58,70%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%

15. Түркістан облысы бойынша – 70,73 %

16. Ұлытау облысы бойынша -63,85 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33 %

18. Астана қаласы бойынша – 46,30%

19. Алматы қаласы бойынша – 20,57 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48 %

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз. Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те берілетін болады. Айта кетейік, бұған дейін республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға