Референдум: Бюллетеньге қатысты жалған ақпарат таралуда
05.06.2022 14:55
Telegram-арналарда бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады. Ол бүгін, 5 маусымда Республикалық референдум барысында түсірілген деп хабарланды. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды El.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны Желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, бұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде орын алған. Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға оның ешқандай қатысы жоқ, делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады


