«Реал» жұлдыздары «Қайратпен» ойыннан кейін арзандады
04.10.2025 07:21
Фото:
instagram.com/vinijr
Мадридтің «Реалы» мен Бразилия құрамасының жетекші ойыншылары Винисиус Жуниор мен Родригоның «Қайратқа» қарсы Чемпиондар лигасы матчынан кейін трансферлік құны жаңарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Transfermarkt сайты Испания Ла Лигасында өнер көрсететін футболшылардың құнын жаңартты. Команданың басты жұлдыздарының бірі — Винисиус Жуниордың бағасы бірден 20 миллион еуроға төмендеп, қазір ол 150 миллион еуро деп көрсетілген.
Родригоның да құны өзгерді. Бұған дейін 90 миллион еуро деп бағаланған ойыншының трансферлік құны 10 миллионға кеміп, қазіргі сәтте 80 миллион еуро болып тұр.
Жаңартылған толық тізімді Transfermarkt сайтынан көруге болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

