x.com/realmadrid

«Реал» Орталық стадионның газонына шағымданған – БАҚ

Испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, «Реал Мадрид» клубы Чемпиондар лигасы матчының алдында УЕФА арқылы «Қайратқа» қысым жасауға тырысқан, деп жазады El.kz интернет порталы.

Okdiario.com мәліметінше, испаниялық команда алматылықтардан Орталық стадиондағы газонды қысқартуды талап еткен. Себебі алаңдағы шөптің биіктігі 25 миллиметр болған, ал «Реал» ойыншыларға ыңғайлы болу үшін оны әдеттегідей қысқарту керек деп санапты.

Алайда УЕФА бұл өтінішті қабылдамады. Өйткені ережеге сәйкес газонның биіктігі 30 миллиметрден аспаса, алаң талапқа сай болып саналады. Осылайша, «Қайраттың» шешімі заңды деп танылды.

Айта кетейік, футбол алаңындағы шөптің ұзындығы доптың қозғалу жылдамдығына тікелей әсер етеді. Техникалық ойынға бейім, жылдам пас алмасуды қалайтын командалар үшін ең қолайлы биіктік – 20-22 миллиметр.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу бүгін, 30 қыркүйекте, Алматыда өтеді. Бұл ойын – алматылық клуб тарихындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы өз алаңындағы матч әрі «Реалдың» Қазақстан жерінде өткізетін тұңғыш ойыны болмақ.