x.com/lafabricacrm

«Реал Мадрид» ХХІ ғасырда алғаш рет «Алтын доп» иегерінсіз қалды

Лука Модрич кеткеннен кейін мадридтік «Реалдың» сапында енді «Алтын доп» иегері қалған жоқ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мұндай жағдай XXI ғасырда алғаш рет тіркеліп отыр. 40 жастағы хорват маусым басталар «Милан» клубына ауысып, мансабын италиялық ұжымда жалғастыруда.

Соңғы жиырма жылдың ішінде «корольдік клуб» сапында мынадай жүлдегерлер өнер көрсеткен: Луиш Фигу, Зинедин Зидан, Роналдо, Майкл Оуэн, Фабио Каннаваро, Кака, Криштиану Роналду, Лука Модрич және Карим Бензема.

Ал «Алтын доп-2025» марапатына «Реал» тарапынан Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингем үміткер болды. Дегенмен жеңіс ПСЖ ойыншысы Усман Дембеле еншісіне бұйырды. Испаниялық клуб сапынан Мбаппе жетінші орынға тұрақтаса, Беллингем небәрі 23-орында қалды.