«Раздолица» ансамблі - Бүкілресейлік Бажов фестивалінің лауреаты
Қостанай облыстық Достық үйіне қарайтын орыс, славян және казак әндерінің «Раздолица» ансамблі Бүкілресейлік Бажов халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты атанды.
Ауқымды іс-шарада Қазақстан атынан өнер көрсеткен ұжым Ресейдің түкпір-түкпірінінен жиналған өнерпаздармен, ВИА «Ариэль», «Якруна» сынды жұлдыздармен бір сахнада ән шырқады. «Якруна» дуэтінің әншісі Луиза Имангулова «Голос» атты тележобаға қатысып, танылған.
«Челябі облысы Пластов ауданының Демарино ауылы маңындағы Кабанка өзенінің жағасында ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар мен қонақтар көп жиналды, ұйымдастырушылардың санағы бойынша 30 мыңнан асады.
Іс-шараны тамашалауға келген көрермендер шатырда тұрды, табиғат аясында үш күн бойы қолөнершілер қалашығы жұмыс істеді, іс-шара қатысушылары мен қонақтары бүршік қосылған шоколадтан, пломбир дәмдес тұшпарадан, тәтті пряниктерден дәм татты, күн сәулесімен шағылысып, көздің жауын алатын әшекей бұйымдарды сатып алды, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылған қалашықтарды аралады, башқұрт халқының киіз үйіне, казак халқының тұрағына кіріп көрді. Тыңдармандар іс-шара жүргізушісімен, яғни Орал фольклоршысы Павел Бажовтың әңгімелеген аңызынан баршаға мәлім «Мыс тауының ханшайымымен» танысты.
Басты сахнадан өзге екі шағын сахна жұмыс істеді. Біз сахналық алаңдарға шығып, өнер көрсеттік. Халық бізді, қазақстандықтарды жылы шыраймен қарсы алды, қазақ тілінде ән атйып, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөлендік. Біз мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отырмыз, алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, ән мерекесі өтетін өлкеге тағы келіп, халықты өнерімізбен таң қалдыруға тырысамыз», - дейді облыстық Достық үйінің музыкалық жетекшісі, «Раздолица» ансамблінің көркемдік жетекшісі Светлана Обухова.
Әсем Жұмабекова
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.