Жаңалықтар

Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиадада ел қоржынына күміс жүлде салды

Байрақты бәсеке
13.09.2016 10:20 4233

Ауыр атлет Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиадада екінші жүлдесін жеңіп алды.

 Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиадада ел қоржынына күміс жүлде салды

Қойшыбаева 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 113 келі нәтижемен «күміс» иеленді. 

Бұл салмақта әлем рекордын орнатқан қытайлық Тан Юяо (135 келі) Паралимпиада чемпионы атанса, «қола» мысырлық Махмұд Амалға (108 келі) бұйырды.

«Сол сәтте еңбегімнің ақталғанына шексіз қуандым. Мен өз мақсатыма жетіп, еліміздің көк туы Рио төрінде желбірегені үшін бақытқа кенелдім. Олимпиада – әрбір спортшының арманы, қатысудың өзі бақыт. Осындай жетістікке жетуіме үлес қосқан бас бапкерім Денис Орлов пен Артур Тамицкийге айтар алғысым шексіз. Олардың үмітін ақтағаныма қуаныштымын», – дейді күміс жүлденің иесі Раушан Қойшыбаева.

Раушан Қойшыбаева жанкүйерлері мен туысқандарына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

– Жанкүйерлерімнің қолдауын алыста болсам да сезіндім, – дейді спортшы. – Әрине отбасыма алғыс айтамын. Менің үш қызым бар, мен жарысқа кеткенде анам қыздарыма қарап отыр. Қандай сайысқа кетсем де оларды қалдырып кеткенім үшін алаңдаған емеспін. Себебі мені үнемі қолдайтын анам мен жолдасым бар, олар әркез еш алаңсыз спортпен шұғылдануыма жағдай жасайды. Мен Риоға жеңу үшін келдім. Ең алдымен Елбасының сенімін ақтадым деп ойлаймын. Енді Токио олимпиадасында «алтын» алқа алғым келеді. Барлық мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен шұғылдануға шақырамын. Сенім мен мақсат биіктерді бағындыруға күш береді.  

Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиадада ел қоржынына күміс жүлде салды 

Естеріңізге сала кетейік, Риодағы Паралимпиаданың алғашқы алтын медалін отандасымыз Зүлфия Габидуллина жеңіп алды. Ол 100 метрлік еркін жүзуден әлем рекордын жаңартты.


Тұмар АСЫЛ

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға