Раушан Құдайбергеннің алғаш рет төркіндеп келген видеосы тарады
Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатылғаннан кейін алғаш рет төркініне барып, ағайын-туыстарымен жүздесті. Бұл әсерлі сәттің бейнежазбасын ол Instagram парақшасында жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бейнежазбада Раушанды ата-анасы мен туғандары қуанышпен қарсы алып, дастархан жайып, құшақ жая қауышқаны көрінеді. Желідегі жұрт «Қыздың төркінге оралуы – ананың ең үлкен арманы», «Жаңа өмір бастаса да, ата-анасын ұмытпағаны қандай тамаша» деген сынды жылы пікірлер қалдырды.
Көпшіліктің жүрегін елжіреткен сәттердің бірі – туыстарының Раушанға арнап «Раушан гүлім» әнін орындауы болды. Бұл тосын сый көп жанды тебірентіп, бейнежазба астында мыңдаған жылы пікір жинады.
Айта кетейік, Раушан Құдайберген жуырда ұзатылып, тұрмысқа шыққан болатын. Оның тойы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, ел назарын өзіне аударған еді.
Қазір желі қолданушылары жас келіннің жаңа өміріндегі жаңалықтарды қызыға бақылап отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

