Жаңалықтар

Рақымшылық – әділетті мемлекет құрудың негізі – заңгер

Мұны мемлекеттің адамға жанашырлық көрсетуінің көрінісі деп есептеймін
Рақымшылық – әділетті мемлекет құрудың негізі – заңгер
Фото: elbasylibrary.gov.kz 02.11.2022 16:32 1954

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Заң жобасына қол қояды деп жоспарлануда. Бұған қатысты заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбдiрасылов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.

Заңгер қаңтар оқиғасы кезінде арандатушыларға ілескен азаматтарға рақымшылық етуі Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам деп баға берді.

«Рақымшылдық институты – құқықтық мемлекетте гуманизм принципін жүзеге асырудың тәсілі. Оны мемлекеттің адамға жанашырлық көрсетуінің көрінісі деп есептеймін. Әсіресе Әділ Қазақстанды құру негізінде істеліп отырған бастама деп қабылмаймын», – деді ол.

Ермек Әбдірасылов рақымшылыққа кімдер ілігетінін атап өтті.

«Заң аясында қаңтар айында қылмыстық іс істеген, ауырлығы орташа дәрежеден төмен айыпталушылар жазадан толық босатылады. 1600-ға жуық адамға рақымшылық беру көзделуде. Ал билікті асыра пайдаланып, сатқындық жасаған ұйымдастырушы, террорист, рецидивист, экстремистер мен сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға бұл жеңілдік қолданылмайды», – дейді профессор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға