Жаңалықтар

Рәміздер күніне орай республикалық патриоттар форумы өтті

Рәміздер күніне орай республикалық патриоттар форумы өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.06.2023 12:29 1282

Мәдениет және спорт министрлігі жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен патриоттық сезімін арттыру мақсатында патриоттар форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов форум жастардың Отанға қызмет етуге деген ынтасын күшейту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтты.

Форумды еліміздің нағыз патриоттары болуға үндеу деп есептеуге болады. Болашақта да еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтарымыз еліміздің дамуына өз үлесін қоса беретініне сенемін, - деді ол.

Форум аясында өз саласының ең лайықты және көрнекті тұлғалары түрлі салалардағы жетістіктері үшін марапатталады.

Марапатталғандардың арасында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов та бар.

Осындай іс-шараны ұйымдастырып жатқан министрлікке алғысымды білдіргім келеді. Рәміздердің біздің спортшылардың өміріндегі орны ерекше. Спортшылар жеңімпаз атанған кезде көк туымыз көтеріледі, әнұранымыз шырқалады. Еліміздің қолдауының арқасында спортшыларымыз жеңіске жетіп жатыр, - деді Мырзағали Айтжанов.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстары мен өңірлерінен келген түрлі қызмет салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және өнер майталмандары қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға