Жаңалықтар

Рахмоновтан кейінгі екінші қазақ: Асу Алмабаев UFC-де 7-орынға көтерілді

Рахмоновтан кейінгі екінші қазақ: Асу Алмабаев UFC-де 7-орынға көтерілді
Фото: instagram.com/asu_zulfikar57 22.10.2024 11:28 621

Қазақстандық аса жеңіл салмақта бірден жеті сатыға жоғарылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

UFC кезекті турнирден соң барлық салмақ дәрежесінде рейтингті жаңартты.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев аса жеңіл салмақ дәрежесінде 14-орыннан 7-орынға бір-ақ көтерілді. Естеріңізде болса, қазақстандық спортшы демалыс күні Лас-Вегаста өткен Fight Night 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николаумен кездескен. Жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын және төрешілердің ортақ шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды. Ал қазақстандықтың қарсыласы жетінші орыннан оныншы орынға түсті.

Асу Алмабаев UFC-де төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Николауды ұтқан соң Алмабаев UFC президенті Дана Уайттан титулдық жекпе-жек сұрады. Бұл дивизионда белбеуге бразилиялық Алешандре Пантожа иелік етеді.

Алмабаев UFC рейтингінде үздік ондыққа енген Шавкат Рахмоновтан кейін екінші қазақстандық спортшы.  

Айта кетейік, Шавкат 8 желтоқсанда жартылай орта салмақта чемпиондық атаққа таласады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға