Рахат Қалжан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
29.03.2025 20:16
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстанды еркін күрес шебері Рахат Қалжан үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жолында Ирак өкілі Хусейн Худхур Ясимнен 8:6 есебімен басым түсті.
Еске сала кетейік, бұл отандасымыздың ересектер арасындағы сары құрлық чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Ол 2022 жылы Ұлан-Батырда күміс, 2023 жылы Астанада қола медальға ие болған.
Сондай-ақ, бүгін тағы 3 балуан қола жүлде үшін күрессе, 97 келіде Ризабек Айтмұқан финалға жапон балуанымен белдеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

