Жаңалықтар

Радиациялық дозаға қарай әлеуметтік және медициналық көмек қайта қаралады – вице-премьер

Радиациялық дозаға қарай әлеуметтік және медициналық көмек қайта қаралады – вице-премьер
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 26.06.2024 12:15 497

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға қатысты әлеуметтік мәселе қашан шешілетінін сұрап, премьер-министрдің орынбасарына сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақында Парламенттің бірлескен отырысында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын қабылдау қажетін атап өтті. Ұсыныс енгізді. Бұл туралы депутаттық сауал да жолдағанбыз. Үкімет депутаттық сауал ерекше бақылауда, ол мүдделі мемлекеттік органдармен қарастырылады деген. Осы мәселе қалай және қашан шешіледі? - деп сұрады Нұртай Сабильянов.

Депутаттың бұл сауалына премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді.

Бұл проблеманы өзіңізбен бірге бірнеше жылдан бері талқылап жүрміз. Сондықтан мұнда екі мәселе қаралды. Территориядағы радиацияның дозасын анықтаймыз ба немесе азаматтардың организміндегі радиациялық дозаны анықтаймыз ба? Сонымен, екі мәселеге келіп тірелдік. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі осы бойынша үлкен ғылыми зерттеу жұмысын 2025 жылы аяқтайын деп отыр. Сондай-ақ Семейдегі медициналық университетпен бірге өңірдегі азаматтардың базасы бар. Сонымен жұмыс істеп жатыр. Біз 2025 жылға қарай әр азаматтың организміндегі радиациялық дозаға қарай әлеуметтік және медиициналық көмекті қайта қараймыз, - деп түсіндірді вице-премьер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға