Жаңалықтар

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: сарапшылар пікірі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша сарапшылардың пікірін ұсынамыз.
02.12.2015 05:06 20532

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша сарапшылардың пікірін ұсынамыз.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: сарапшылар пікірі

- Болатова Гүлжаухар Жамбыловна, Журналистика және саясаттану факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары,Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жариялаған Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауын аса ден қоя тыңдадым. Онда мемлекет басшысы дағдарыс қыспаққа алып тұрған кезеңде халықтың әл-ауқатын әлсіретпей, тығырықтан шығу жолдарын нақты көрсете отырып, Ұлттық валютаға деген сенімді нығайту өте маңызды екендігін және бүгіннен бастап Қазақстан ДСҰ-ның толық құқықты мүшесі болғанын атап өтті. Әрине, әлемде дағдарыс дендеп тұрған кезеңде, халықтың алдағы уақытта жағдайы қалай болар екен?- деген сауал мені де мазалағаны рас. Бүгін сол сауалдардың жауабын елбасының өз аузынан естіп білдік. Мәселен, елбасының зейнетақы қаржысын бизнесті қаржыландыру үшін пайдалануды тоқтату керек,- деп айтқан ойын мен қолдаймын. Өйткені әр адам болашақта зейнетақымен қамтамасыз етілуіне алаңдайтыны сөзсіз. Бұдан бөлек бюджет саласында еңбек ететін қызметкерлер жалақысы 2016 жылдың қаңтарынан бастап өсетінін естіп қуанып жатырмыз. Әрине, Жолдауда көптеген мәселелерге қатысты межелі бағыт-бағдарлар сараланып, салмақты таразыланған. Елбасы айтқандай, «Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру – мақсатымыз» болса, Жолдауда көрсетілген жолмен жүретін болсақ, қазақ елінің басына туатын ондай күннің де алыс емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп, мәңгілік ел – Қазақ елі болатынымыз айдан анық. Жолдаудағы: «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіреткен Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл - Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету - оған қол жеткізуден де қиын екенін біз осы жылдар ішінде көріп-білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайту үшін бізге әлі талай күрделі, өтпелі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

Ең жақсы жоспар - заман талабына бейімделген жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды нақтылап отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз - Қазақстанды мәңгілік ел ету», - деген Елбасы сөздері әр қазақстандықтың қаперінде жүрер ізгі сөздер деп ойлаймын . 

- Сыздықова Гүлбаршын Олжабайқызы, ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарыны докторы:

- Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Елбасы өз сөзінде ұлттық теңгеміздің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі маңызын арттыру мақсатында атқарылатын нақты іс-шараларды атап көрсетті. Сонымен қатар ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен білім алушылардың шәкіртақысын, зейнетақыны белгіленген пайыздық мөлшерде көбейту т.б. мәселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді.

- Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы, ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Президент жолдауы халықтың қамы:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауының негізгі өзегі – еліміздің экономикасы және оны дамыту мәселелері. Әлемдік қауымдастықта күн тәртібін түзген дағдарыс біздің елімізден аттап өтпейтіні белгілі дүние.

Мемлекет басшысының тікелей ұсыныстары негізінде соңғы екі-үш жыл көлемінде дағдарыстың алдын алу және оны тиімді пайдаланып экономикалық өрлеудің одан арғы тетіктерін қалыптастыру шараларын жүзеге асыру тұрақты сипат алуда. Бүгінгі жолдауды барлық мүмкіндіктерімізді іске қосуды талап еткен экономикалық құжат деп қабылдауға толық негіз бар.

Қаржы секторына жаңа талаптар қойылды. Әсіресе, халықаралық стандарттарға сай банктер жүйесін қалыптастыруды күшейту, Ұлттық Қор дербестігін қамтамасыз ету және оның қаржысына ұқыпты қарау мәселелері айырықша аталды.

Бюджеттік қаржыны орынды жұмсау және тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ете алмауларына байланысты Ұлттық холдингтердің жұмыстарына жаңа серпін беру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Жолдауда ерекше мән берілген мәселе, ол үкіметке берілген экономикалық өрлеуге негіз болатын тапсырмалар болды. Алдымен алдағы он жылдық уақыт шеңберінде Қазақстан экономикасының жылдық өсімін бес пайыздан төмен түсірмеу тапсырмасы. Келесісі, жылдық инвестицияны 10 млрд. доллардан, ал он жылда 100 млрд. доллардан кем емес болуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік маңызы зор іс, ол жаңа жұмыс орындарын ашу тапсырмасы. Осы тұрғыда 660 мың жаңа жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігі екі есе артуы тиіс. 2016 жылдың басынан 30 пайыз көлемінде бюджеттік еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы және стипендия өсірілетін болды. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлерінің еңбек ақылары көтерілетін болады.

2017 жылдан бастап қоғамның басым бөлігін қамтитын «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы іске қосылады. Бұл жоба қоғамды жаңа жағдайға бейімдейді, әрі жаппай мамандандыруды қамтиды. Сонымен қатар, қоғамның орта әлеуметтік тобын одан ары қалыптастыруға барынша ықпал ететін болады. Бір сөзбен айқанда, қазіргі қоғамға екіжақты пайда әкелетін жоба болатыны сөзсіз.

Елбасы биылғы жолдауында әлеуметтік мәселерге барынша мән берді. Осы салаларға қатысты мұқтаж топтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін өсірілімдер жүйесіне және жаңа еңбек ресурстарын ашу мәселесіне қатысты өте тиімді ұсыныстары тікелей халыққа бағытталған. Қарапайым адамдардың өмірде өз орындарын тауып, тегін кәсіби білім алып, өзі және қоғам игілігі үшін еңбек ету мүмкіндіктерін мемлекеттік тұрғыда кепілдік беруінде білеміз.

Жолдаудың халыққа жақындығы, оның «Тұңғыш Президент күні» мерекесі қарсаңында жария етілуі. 1991 жылы жалпыхалықтық сайлауда миллиондаған қазақстандықтардың сеніміне ие болған Елбасы, бүгінгі күні де сол биік тұғырда.

- Айгуль Бижкенова, доктор филологических наук, профессор, зав. каф. иностранной филологии ЕНУ им.Л.Н.Гумилева:

- Ежегодное Послание Президента страны всегда ожидается народом с большим нетерпением. Потому что Президент в нем не только дает объективную оценку деятельности всех ключевых структур государства, но и определяет основные векторы дальнейшего роста благосостояния страны и его общества.

Нынешнее Послание, на мой взгляд, было особо важным по нескольким причинам.

Во-первых, оно ознаменовано кризисным положением экономики во всем мире и было призвано определить ряд мер по удержанию стабильной финансово-экономической ситуации внутри страны.

Во-вторых, оно озвучено в условиях сложных политических и военных ситуаций в мире, в которые втянуты соседние государства, близкие партнеры Казахстана, такие, как Россия и Турция. Президент выразил свою искреннюю озабоченность по сложившейся неоднозначной ситуации и надеется, что государства найдут достойное решение.

В-третьих, Послание всегда несет в себе четкий план действий по повышению качества жизни казахстанского народа и выполнению всех ранее намеченных перспектив развития.

Весь текст Послания пронизан глубокой заботой о стабильности и устойчивости государства, всеобщего прогресса и прочности достигнутых результатов, а также высокой и конкретной планкой дальнейшего продвижения вперед.

Президент поставил большие задачи перед Правительством по пересмотру и сокращению многих статей расхода в государственном бюджете, однако отрадным является его однозначная позиция о сохранении мер социального стимулирования малоимущих семей, пенсионеров и работников бюджетных сфер таких, как здравоохранение, образование и государственных служащих категории «В».

Ежегодно Президент не оставляет без внимания сферу образования. Так и в нынешнем Послании сделан особый акцент на развитие сети учебных заведений для профессионального образования молодежи. Причем с 2017 года вводится бесплатное профессиональное обучение в стране. Выведение рабочих профессий в приоритет означает рост внутренней занятости населения, а также преемственность трудовых поколений. Достижение больших высот начинается с малого, которое порой бывает и достаточно нелегким – с тяжелой лопатой, рабочей экипировкой и у горнила, - Президент поставил молодежи в пример, свою трудовую биографию.

Перед Министерством образования и науки РК, а, значит, и перед вузами страны Президент поставил большую задачу развития науки и наукоемких процессов.

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева следует на сегодняшний момент правильным курсом на разработку и внедрение в учебный процесс результатов научно-исследовательской деятельности ученых и обучающихся, создание научно-исследовательских институтов и коммерциализацию науки. Считаю, что именно это направление должно стать ударным в деятельности всех структур нашего университета. Оно продиктовано задачами, выдвинутыми Президентом нашей страны в нынешнем Послании народу Казахстана.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға