Жаңалықтар

ҚР Мемлекеттік хатшысы: «ШҚО тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігі зор»

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «100 қадамдағы біртектілік және бірлік» атты Конституцияның 20 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
05.08.2015 10:22 3226

Шығыс Қазақстан Елбасы саясатын іске асыруда үлгі танытар аймақ болып табылады. Бұл жайлы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «100 қадамдағы біртектілік және бірлік» атты Конституцияның 20 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясы барысында мәлімдеді.

ҚР Мемлекеттік хатшысы: «ШҚО тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігі зор»

Конференцияның ашылу салтанатында ШҚО әкімі Даниал Ахметов 2015 жыл облыс үшін айтулы жыл екендігін айтып өтті. Соның ішінде, аймақ әлеуетін арттыру мақсатында, бірнеше мерейтойлық мерекелер аталып өтіп, саяси реформалар енгізілуде.

Шара барысында конференцияға қатысушылар конституциялық құрылым, ұлтаралық қатынас аясында мемлекеттік саясатты іске асыру, қазақстандық біртектілікті және патриотизмді дамытуда жүргізілетін жұмыстар, Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім» сынды кең ауқымды жобаларын іске асыру, «Мәңгілік Ел» идеясындағы құндылықтарды қазіргі оқу бағдарламасына енгізу жайлы сұрақтарды талқылады.

– Институционалды реформалар 2050 жылға дейін 30 елдің қатарына кіруге бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясына осы орайда 4 реформаны іске асыруда басты рөл «Біртектілік және бірлік» бағыты жүктелген. Біздің біртектілігіміз «Елбасы, Халық, Мәңгілік ел» түсінігінде қалыптасқан. Сондай-ақ, бірлікті нығайтуда ҚР Конституциясының алар орны зор, – деді Г. Әбдіқалықова.

Конференция қорытындысы бойынша, ҚХА өкілдеріне, мемлекеттік органдарға, бизнес-құрылымдарға және Үкіметтік емес ұйымдарға бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Айта кетсек, ШҚО-да ҚХА жылы әрбір 4-ші шығысқазақстандықтың қатысуымен 2600-ге жуық шара өткен. Соның ішінде, «ҚХА 20 игілікті іс» акциясы аясында облыс халқының қолдауымен 886 млн теңге бөлініп, қайырымдылыққа жұмсалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға