Жаңалықтар

ҚР Конституциясының 82-бабына түсіндірме

Қазақстан Республикасы Конституциясының ғылыми-практикалық түсіндірмесінен үзінді
21.09.2015 08:15 5963

ҚР Конституциясының 82-бабына түсіндірме

ҚР Конституциясы, 82-бап

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. 
      2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды. 
      3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 
      4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады. 
      5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді. 

Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 5 шілдедегі № 11/2 «Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасын және 82-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы» қаулысынан:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабы 1) тармақшасын және 82-бабының 1-тармағын Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасына, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларына және судьяларына өкілеттіктер берудің және оларды қызметінен босатудың Республика Конституциясы белгіленген міндетті түрдегі әдісі және тәртібі деп түсіну және қолдану керек.

1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын негізге ала отырып, Жоғарғы Соттың Төрағасы және судьялары қызметтеріне кандидатураларды Парламент Сенатына енгізеді.

Қазақстан Республикасы Президентiнің ұсынуымен Жоғарғы Соттың Төрағасын және судьяларын сайлау Сенаттың ерекше құзыретіне жатады.

Республиканың Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының бос қызмет орнына кандидатураны қарайды.

Жоғарғы Соттың алқа төрағалары және судьялары бос қызмет орындарына кандидатуралар, оғарғы Соттың жалпы отырысы шешімінің негізінде енгізілген Жоғарғы Сот Төрағасының сынуымен Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын алу үшін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін және заңгер мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде жиырма жыл немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс өтілі бар азаматтар ұсынылады.

2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары бос қызмет орындарына кандидатуралар, тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысы шешімінің негізінде енгізілген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуымен Жоғары Сот Кеңесі қарайды және қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынылады.

Жергілікті және басқа да соттың судьясы қызметіне тағайындау туралы Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы конкурстық қараудың нәтижесі бойынша Республика Президентіне енгізіледі.

Жергілікті және басқа да соттың судьясы қызметіне Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын алу үшін конкурста «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар қатыса алады. Бұл ретте облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы қызметіне кандидаттың заңгер мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі болуы тиіс.

Аудандық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері: білімінің терең, жоғары кәсіби деңгейінің, мінсіз моральдық-адамгершілік қасиеті мен беделінің болуы.

Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясының бос қызмет орындарына орналасуға мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған; сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда, құқық қорғау органдары мен адвокатурада заңгер мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарға басымдық беріледі.

Облыстық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына орналасуға судья қызметіндегі жұмыс өтілі; мінсіз беделінің болуы және сот төрелігін жүзеге асыру сапасы; сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардағы жұмыс өтілі; құқық қорғау және сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін өзге де мемлекеттік органдардағы, адвокатурадағы жұмыс өтілі; ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы негізгі өлшемдер болып табылады.

Конституциямен белгіленген Республика Президентінің жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау тәртібі судьяның жоғары мәртебесін белгілейді және судьяның сот төрелігін жүзеге асырудағы тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттарда:

– апелляциялық сот алқасы;

– кассациялық сот алқасы;

Жоғарғы Сотта:

– азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы;

– қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы жұмыс атқарады.

Конституцияның 82-бабы бұрын сот алқаларын Жоғарғы, облыстық және оған теңестірілген соттардың құрылымындағы міндетті органдар ретінде қарастыратын және бұл сот жүйесін реформалау мәселелерін шешу барысындағы кедергілердің бірі болар еді. Еліміздің Ата заңы тұрақты және оған түзетулер 1995 жылдан бері екі рет қана енгізілді.

Сондықтан 2007 жылғы конституциялық реформаны жүргізу барысында 82-баптың жаңа редакциясы қабылданды, онда «Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін» екендігі айтылады. Осылайша, Конституция еліміздегі практика негізінде және халықаралық тәжірибе сот жүйесін жетілдіру мәселелерін шешуге жол береді. Мысалы, біз соттарда алқалардың мүлде болмауына келуіміз мүмкін.

Жоғарғы Сот сот алқаларының төрағалары қызметтеріне кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.

Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заң сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібін анықтайды.

Жоғарғы Сот сот алқаларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуының және Жоғарғы Соттың жалпы отырысы шешімінің негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындалады.

4. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығымен Жоғары Сот Кеңесі құрылған, оның құрамына Төрағадан басқа Жоғарғы Соттың Төрағасы және үш судьясы, Парламент Мәжілісі мен Сенатынан бір депутаттан, Бас прокурор, Адвокаттар одағының президенті және Кеңестің хатшысы – Республика Президенті Әкімшілігінің қызметкері кіреді.

2007 жылдың мамыр айында Конституциядан Жоғары Сот Кеңесінің құрамынақызметі бойынша бірқатар орталық мемлекеттік органдардың басшылары кіретіні туралы ережелер алып тасталды.

Енді Мемлекет Басшысы Кеңестің жеке дербес сандық құрамын өзі айқындайды, Кеңестің алдына қойылған міндеттерді тиімді шешу мақсатында өзгерістер енгізуге мүмкіндігі бар.

2009 жылғы 18 қарашада өткен Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде, Республика Президенті Жоғары Сот Кеңесінің жұмысын жақсарту қажеттігі туралы, осы органды ырықтандыру туралы, оның құрамына жұртшылықты көбірек енгізу туралы айтты.

5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңмен айқындалған.

Жоғары Сот Кеңесі консультативтік-кеңесші органнан соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде ел Президентінің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме болып қайта құрылды.

Кеңес отырыстары жылына кемінде төрт рет өткізіледі және Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырысы заңды болып есептеледі.

Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады, олар жазбаша нысанда баяндалады. Жоғары Сот Кеңесі қорытындылар,хаттамалық шешімдер және (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ.

Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркелетін ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы.

Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші дауыс болып табылады.

Кеңес:

1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз

етеді;

2) конкурстық негізде жергілікті және басқа сот судьясының бос орнына кандидатты іріктеуді жүзеге асырады;

конкурстың қорытындылары бойынша жергілікті және басқа сот судьясының бос орнына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос орнына кандидатураларды қарайды;

жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос орнына қызметке тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатураны қарайды;

Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды;

Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды;

сот таратылған немесе тиісті сот судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды;

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды;

тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай не- месе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі ту- ралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын орын- дамағаны үшін Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының немесе Сот жюриінің шешімдеріне негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа сот- тардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қыз- меттерінен босатуға ұсыным беру жөніндегі мәселені қарайды;

Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын қызметтерінен босатуды ұсынады;

Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар енгізеді;

судьяның шекті жасқа толуына байланысты оның судья қызметінде болуын бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының келісім беруі туралы мәселені қарайды;

1) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихан- дарын қабылдауды ұйымдастырады;

2) судьяны тұтқынға алуға келісім беру, оны күштеп алып келу, оған сот тәртібімен салынатын әкімшілік жазаны қолдану, судьяны қылмыстық жауапқа тарту мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне қорытынды ұсынады;

3) сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді, судья корпусының сапалы құрамын, кадрларды даярлау жүйесін жақсарту, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;

4) Кеңес регламентін бекітеді;

5) судья қызметіне орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған адам- дардың есебін жүргізеді;

6) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңнан және Кеңестің регламентінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасы Конституциясының ғылыми-практикалық түсіндірмесінен үзінді

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға