Жаңалықтар

18 жасқа толғанша әр баланың есепшотында кемі 3 мың доллар жиналады - Руслан Желдібай

Оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді
18 жасқа толғанша әр баланың есепшотында кемі 3 мың доллар жиналады - Руслан Желдібай
Фото: ru24.net 01.09.2022 19:20 2104

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бүгінгі Президент Жолдауының кей өзекті тұстарын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz.

«Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді.

«Бұл норма күшіне енген кезде (2024 ж.) 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Олар кәмелеттік жасқа толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттарда қаражат шетел валютасында болатынын атап кеткен жөн. Сонымен қатар жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляция қорғауға мүмкіндік береді» », - деп жазды Руслан Желдібай.

Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға