Біз елге танымал азаматтарды «Ел ішіне» шақырамыз. Бұл жолы дәстүрлі әнші Бейбіт Мұсаев Жетісу облысының Кәлпе ауылына барды. Ол Кәлпедегі кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандармен танысты. Мұндағы орта мектеп, спорт кешені, мәдениет үйі көрген адамды таңғалдырмай қоймайды. Барлық керек-жарақпен қамтылған. Ал қант қызылшасын егетін шаруалар соңғы үлгідегі техникаларын көрсетіп, адамды кәсіп бастауға ынтыландырды.