Жаңалықтар

«Қызылсай» табиғи паркінде арқар мен қарақұйрық саны 18 пайызға артты

«Қызылсай» табиғи паркінде  арқар мен қарақұйрық саны 18 пайызға артты
Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі 31.01.2024 04:26 935

Маңғыстауда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қорғауындағы  арқар, қарақұйрық басы 18% -ға көбейіп, аңдар мен құстар үшін даладағы 52 бұлақтың көзі ашылған. Бұл туралы «Қызылсай» мемлекеттік  өңірлік табиғи паркінің директоры мәлімдеді, деп хабарлайды Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің негізгі міндеті — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және өсімін молайту. Қызылсай паркінің құрамына «Тасорпа»,  «Манашы», «Жабайұшқан», «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалдары мен Қызылсай паркі кіреді.

100-ге жуық адам еңбек ететін мекемеге былтыр 6 жаңа  (патриот уаз) автокөлік берілді. Құрамында ғылыми, техникалық, қаржылық, өрт қауіпсіздігі бөлімдері бар нысанның жаңа техникамен толығуы табиғат, өсімдік, аң-құстарды қорғау, толықтыру, көбейту жұмыстарына күнделікті қажет.

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы М.Қаратауов ерекше қорғауға алынған арқар, қарақұйрықтың басы көбеюі мен  бұлақтардың көзін ашуда мемлекеттік инспекторлардың тынымсыз еңбегінің үлесі зор екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға