Қызылордалық мұғалім география пәні бойынша платформа әзірледі
Бағдарлама оқушыларға арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінің №80 мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Ниязов мемлекеттерді танып-білудің инновациялық бағдарламасын жасап шығарды.
Бұл мемлекеттік тілдегі бірден-бір платформа. Ол барлық заманауи талаптарға сәйкес жасалған.
«Жобаның басты жаңалығы - сабақ барысында білім алушы жаңа сабақтың мазмұнын толық ашу үшін түрлі сала бойынша ақпараттарды пайдалана отырып, ресурстарды жүйелеп және оны әдістемеге қосуы қажет. Бағдарлама педагогикалық идеяны инновациялармен жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - дейді платформа авторы.
Платформаның аты да ерекше, ол «Әлемді таны. Серік ағаймен бірге оқы» деп аталады. Платформаны пайдалану арқылы оқушылар пәндік олимпиадаларға, ҰБТ-ға дайындала алады. Қазіргі уақытта оған жаңартылған мазмұн бойынша елдерді тану деректері енгізілуде.