Қызылордалық азаматтан 41 түп сор өсімдігі тәркіленді
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
13.07.2023 22:22
1163
“Қарасора - 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданында өз үйінің ауласында сора өсімдігін өсірген Жосалы кентінің тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үй ауласынан 41 түп сора өсімдігі, 2 литр банкіге салынған өзіне тән ерекше иісі бар шөп және пластмас қорабына салынған кептірілген сора өсімдігіне ұқсас жапырақтары заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 33 кг 747 гр сора өсімдігіне жататындығын бекіткен.
Күдікті азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Грант конкурсына құжатты 15 мың талапкер тапсырды
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді