Жаңалықтар

Қызылордада жыл басынан бері 40-қа жуық адам қызылша жұқтырған

Қызылордада жыл басынан бері 40-қа жуық адам қызылша жұқтырған
Фото: © El.kz 20.07.2023 08:12 852

Қызылорда облысында жыл басынан бері зертханалық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 37 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

18 шілдегедейінгі жағдай бойынша облыста лабораториялық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 37 жағдайы расталды.

Оның ішінде 81 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталса, қалған ересек тұрғындар арасында тіркелген.

Қызылша ауруына шалдыққандардың басым бөлігі қызылшаға қарсы вакцина алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 51,3 пайызын құрады, - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Мамандар қызылшадан ең тиімді қорғану жолы – уақтылы вакцинация алыу екенін айтады. Ол Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілген, екпе тегін жіргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға