Жаңалықтар

Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz 07.12.2022 17:04 1110

Қызылордада жүкті әйел сауда үйінен құндыз тон ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

5 желтоқсан күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда қаласы ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері “ізін суытпай” ұрлық қылмысын ашты. Сол күні “102” арнасына қала аумағындағы ірі сауда үйінің бірінен жәбірленушіге тиесілі құндыз тонның ұрлағандығы жөнінде хабарлама тіркелді. Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында қылмысқа күдікті, бұрын сотты болған 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта тон иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды. Жәбірленуші азаматша әлеуметтік желі арқылы бейнежазбамен криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға