Қызылордада жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз көз жұмды
10.05.2023 09:15
Фото:
© Pixabay.com
Қызылорда қаласында жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Кінәлі жүргізуші ұсталып, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Онда көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтанов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

