Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 тамыз күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасы таратқан ақпаратта.
Қайғылы жағдайға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

