Жаңалықтар

Қызылордада жол апатынан көлік ішінде қысылып қалған адам құтқарылды

Қызылордада жол апатынан көлік ішінде қысылып қалған адам құтқарылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 04.03.2024 05:43 437

Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан автокөлік ішінде қысылып қалған 40 жастағы азамат құтқарылып, жедел жәрдем мамандарына тапсырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 3 наурызда сағат 11.30 шамасында Тәуелсіздік даңғылы бойында болған. Сол аумақта «Volkswagen Passat» және «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөліктер соқтығысып қалған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталып, сараптамалар тағайындалуда.

«Төтенше жағдайлар қызметіне жол-көлік оқиғасынан 1 адам қысылып қалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1984 жылы туған азаматты «Volkswagen Passat» автокөлігінен авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, шығарып алғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырды», - деп жазылған Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға