Жаңалықтар

Қызылордада жарылыстан зардап шеккен екі бала Алматыға жеткізілді

Қызылордада жарылыстан зардап шеккен екі бала Алматыға жеткізілді
Фото: видеодан алынған кадр 01.08.2024 13:35 566

Қызылордада газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде 31 шілдеде санитарлық авиация бортында Қызылорда облысында қатты күйіктен зардап шеккен екі бала 75 пайызға жуық күйікпен өте ауыр жағдайда Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілгенін жазды.

Оның айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп, динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 29 шілдеде Қызылордада үйде газ баллоны жарылып, төрт баланы күйік шалған еді.

Жойқын жарылыстан үйдің күлі көкке ұшып, төбесі ортасына түскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға