Жаңалықтар

Қызылордада танысының үйіне ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды

Қызылордада танысының үйіне ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды
Фото: © Polisia.kz 09.08.2023 16:15 891

Қызылорда облысының тұрғыны танысының үйіне ұрлыққа түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылордалық полицейлер танысының үйіне ұрлыққа түскен 36 жастағы азаматшаны ұстады. 8 тамыз күні Қызылорда облысы полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен шағымданды. Үй иелерінің тойға кеткенін пайдаланған белгісіз тұлға үйге ашық тұрған терезелері арқылы кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан алтын бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жәбірленушіні танитынын және үй иелеренің жоқтығын пайдаланып, ұрлыққа барғанын мойындады.

Айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға